09.09.2025
«Ж.Кизатов атындағы Жоғары ауыл шаруашылық колледжінде» 2025 жылғы 09 қыркүйекте 1-курс студенттерімен «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі» тақырыбында әңгіме өткізілді. Әңгіме барысында студенттер Қарулы Күштердің егемендікті, аумақтық тұтастықты және ұлттық қауіпсіздікті қорғаудағы маңызын талқылады. Сондай-ақ жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, әскери дайындықтың және әрбір азаматтың Отан қауіпсіздігі үшін жауапкершілігінің маңыздылығы атап өтілді.

